24 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік нөмірі бар көліктердің мәселесін шешу үшін оларды уақытша тіркеуді тапсырды.
— Үкімет 2020 жыл 1 ақпанға дейін Еуразия экономикалық одағы аумағынан әкелінген көліктерді бір айдың ішінде бір рет уақытша тіркеуден өткізуі тиіс. Бұл тіркеу мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды болады, — деді Тоқаев.
Президент мұндай көлігі бар адамдар 2021 жылдың 1 наурызына дейін кедендік баж салығын төлеп, тұрақты тіркеуден өткізуі қажет немесе көлікті Қазақстан аумағынан шығаруы тиіс немесе заңмен тыйым салынбаған басқа әрекетті жүзеге асыруы тиіс деді.
Тоқаев бұған қоса, бас прокуратураға бұл мәселеге құқықтық баға беруді тапсырды.
(Жаңалық толықтырылады