Полиция қызметкерінің РЕЙД жұмыстарына БАҚ өкілдерінің шақыртуымен өз жұмыстарының барысын көрсетіп 15-қазан күні кешкі сағат 20-00-ден бастау алған тексеріс жұмыстары өз нәтижелерін көрсетті. Абай даңғылы көшесінде алғаш болып ұсталған автокөлік алдыңғы бүйір терезелерінің қараңғылағаны үшін ұсталып ҚР заңына сәйкес 590 бап 5тармағымен 5 айлық есепте 13890тг айыпбұл салынады. Егер осы тәртіпсіздікті мойындаса 1апта көлемінде айыпбұлдың 50% өтеуіне рұқсат етілген. Ұсталған автокөлік жүргізушісі айыпбұл көлемінің 50% төлеуге өз келісімін берді.
Көп ұзамай Көшек батыр көшесінде ұсталған автокөлік қарсы келе жатқан көлікті жібермегені үшін ҚР заңына сәйкес 594 бап 2 тармағы бойынша 15 айлық есеп 41670тг айыпбұл салынады. Бұл құқық бұзушылыққа келісер болса жартысын төлеуге яғни 20830 тг төлеуіне рұқсат етілген.
Келесі құқық бұзушылық мүгедектерге арналған белгісі қойылған тұраққа тұрақтанған автокөлікке 10 айлық есепте 27780 тг айыпбұл салынады. Оқиға орнына жүргізушінің келмеу себебінен артқы номері шешіліп алынды, байланыс үшін терезе жақтауына қызыметкерлер өздерінің қызметтік номерлерін қалдыруларына тура келді. Ақпарат береген Потрульдік полиция ботильоны Мирзакулов Нұрғазы, осы салада қызмет атқарып жүргеніне 5 жылдан астам уақыт болған.
Түңгі рейт жұмыстары ары қарай да жалғасын тауып сағат 22:00 де басталып қаладағы кафе-барларда, компьютерлік клубтарда және жастардың жаппай демалатын өзге де орындарында топтар араланып, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуы, сондай-ақ оларға алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша тексерістер жүргізілді. Рейд барысында 76 хаттама толтырылды.
“Қамысты бос ұстасаң қол кесер”-деп дана халқымыз айтып кеткеніндей жастарымыздан бастап тәртіпке шақырып үнемі жүргізіліп отыратын рейд жұмыстарының арқасында біршама тәртіпсіздіктің алдын алуымыз қажет