Жамбыл облысы Тараз қаласында 2018 жылдың 4 маусым күні сағат 9.00де Орталық «Достық» алаңынан ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін Төле би даңғылының бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Елтаңбам – елдігім, көк туым –теңдігім!» атты іс-шара өтпек.
Шеруге тумен мотобайкерлер, автокөліктер, жалаушамен әскери үрмелі оркестр, үлкен Ту және елтаңбамен әскерилер, арнайы киім киіммен жастар барабанмен өнер көрсетеді сонымен қатар қала жастары, жалаушамен, оқу орнының логотипі бейнеленген бірдей ақ түсті футболкамен жоғарғы және арнаулы оқу орындарының студенттері, жалаушамен, ақ жейдемен облыс, қала мекемелерінің ұжымдары, білім беру саласының ұжымдары қатыспақ.