Бүгін Тараз қаласында «Қала күніне» орай Жамбыл Жабаевтың жаңа ескерткіші ашылды. Ашу рәсімі облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Жандар Кәрібайұлы, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлына бұйырды.
— «Ескерткіштің жаңа жерге көшкені дұрыс болды. Облыстың басты ғимаратының алдында тұрған Жамбыл ата қаланың көркін келтіруде» — деп ойымен бөлісті облыстық мәслихат депутаты Мейрамбек Төлепберген.
Еске сала кетсек, осыдан бұрын Жамбыл ата ескерткіші Төле би даңғылында орналасқан болатын. Қазір ол ескерткіш алынып, басқа жерге көшірілді.
Turaninfo.kz