Бүгін мәлім болғандай 1954 жылы туылған Арапбек Сағынбеков қайтыс болыпты. Бұл жәйт туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқарма басшысы Марат Жұманқұлов ақпаратты растады.
Осыған дейін, Тараз қаласында «Мыңбұлақ» (9) мөлтек ауданындағы 62-үйде жойқын жарылыс болып, 3 адам қаза тауып, 6 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Оқиға орнына үкіметтен арнайы комиссия құрылып, премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Астана қаласында іс-сапарда болған облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге жедел түрде Таразға келді. Бірінші толыққанды ақпаратты облыс әкімнің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков берген болатын.