Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес 2018 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың жобасын әзірледі.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты бағалау процессіне жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облысы бойынша филиалының базасында Ұлттық баяндама жобасының қоғамдық тыңдауы өтті.
Іс-шараға құқық қорғау, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Әдеп жөніндегі уәкілдері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Д. Тұрмаханбетов ұлттық және халықаралық деңгейлердегі сыбайлас жемқорлықтың жағдайы мен үрдістері, сондай-ақ Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жүзеге асырылуы туралы баяндама жазады.
Сонымен қатар, Д. Тұрмаханбетов жиынға қатысушыларды осы келеңсіз құбылыспен күш-жігерді біріктіріп күресуге шақырды.