Желіде Тараз қаласы Жамбыл даңғылында орналасқан көпір астында баланың дауысы шығып жатқан видео тарады.
— «Видеодағы жағдай рас. Бала 12 жаста, облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілді» — деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.
Осыдан кейін бұл жағдай бойынша облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқанда «Қазір бұл жағдай зерттелуде, суицид пе? әлде абайсыздықтан болған жағдай ма? себебі анықталып болғаннан кейін қосымша хабарланатын болады», — деп баяндады Гүлсара Мұхтарқұлова.
Айта кетерлігі, жасөспірім Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы, Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы екендігі анықталды.
TURANINFO.KZ