«Жамбыл–адалдық алаңы» жобасы аясында құқық бұзушылықтарға бейім оқытушыларды анықтау мақсатында «Сенім жәшігі» акциясы Тараз қаласындағы оқу орындарында наурыз айының 10–нан бастап өтті.
Бүгінгі күнге дейін 11 оқу орындарында, атап айтсақ:
1. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
2.Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті,
3.Тараз инновациялық-гуманитарлықуниверситеті,
4. Жамбыл медициналық,
5. Жамбыл политехникалық жоғары,
6. №13 Тараз теміржол,
7. Жамбыл индустриалды – технологиялық,
8.Тараз сервис және технология,
9. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық,
10. Білім,
11. Тараз техника және бизнес колледждеріндеакция өтіп, жалпы саны 2838 студент арасында анонимді сауалнама өтті.
Сауалнама төмендегі сұрақтар бойыншажүргізілді:
1. «Сіз оқитын оқу орнында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық орын алады ма?»,
2. «Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін оқытушылардың аты?»,
3. «Сыйлықты қалай алады, ақшалай болса қанша?»,
4. «Жатақханаға орналасу қиындық туғызады ма?».
Сауалнама қорытындысына сәйкес, жалпы 2717студент (95,7 пайыз) жемқорлық фактілерін кездестірмегенін көрсетсе, 121 білімгер (4,3пайызы) парақорлық фактілерінің бар екендігін атап көрсетті.
Сондай-ақ, 25 оқытушылардың аттары атталып, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде емтихан уақыттарында 55-60баллға —7000 теңге, 45-50 балл–5000 теңгеберетіндіктерін, 2000 мен 7000 теңге аралығында ақшалай сыйлықтар және торт, гүл сыйлықтарын алатынын көрсетті.
Сыбайлас жемқорлық фактілерін көрсеткен студенттер саны:
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен 445 студент қатысып, оның ішінде 34 -і (7,6%),
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінен 518 студент қатысып, 36-ы (7%);
Тараз инновациялық-гуманитарлықуниверситетінен 237 студент қатысып, 6-ы (2,6%),
Жамбыл медициналық колледжінен 371 студент қатысып, 32 – і (8,6%):
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде 473 студент қатысып, 9-ы (1,9%);
Тараз теміржол колледжінен 125 студент қатысып, 2-і (1,6%);
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінен 183 студент қатысып, 1-і ғана(0,5%),
Тараз техника және бизнес колледжінен қатысқан 120 студенттің 1-еуі (0,8%)сыбайластыққа тап болып, 500 теңге көлемінде сыйлық бергенін көрсетті.
Жемқорлық фактілері кездеспеген оқу орындары:
Жамбыл индустриалды — технологиялық колледжінің 132 студенті,
Тараз сервис және технология колледжінен 168,
Білім колледжінен сауалнамаға қатысқан 66 студент сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездеспегенін айтты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев аты аталған оқу орындарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысымен бірлесе отырып, оқытушы құрамның қатысуымен педагогикалық кеңес өткізіп, тиісті ұсыныстар берді.
Оқу орындарының басшылары сауалнама қорытындыларын назарға алып, алдағы уақытта аты аталған оқытушыларды қатаң бақылауда ұстайтынын айтты.