Ағымдағы жылдың 18-20 қазаны аралығында Тараз қаласы Полиция басқармасының Жол- патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын жүргізушілерге қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында «Автобус» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның үш күнінде полиция қызметкерлерімен 248 қоғамдық автокөлік (автобус) жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай- ақ айыптұраққа бес қоғамдық көлік қойылды.