Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Экологиялық ағарту және насихаттау шараларды жүргізу» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен, 17 қыркүйек күні, сағат 12:00-де АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғат — ананы бірге қорғайық!» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 100-ден астам жастар қатысты. Семинарға қонақ ретінде Тараз «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директордың орынбасары Есіркепов Абзал Есенұлы шақырылды.
Семинар барысында, экология — әлем халқының кезек күттірмес ең ауқымды міндеттердің алдыңғы қатарында тұр. Табиғаттың адамға берген сабағы – тек айналаңды ластауды ғана емес, Жер, Су, Ауаны сақтап, қорғауға өзіндік көзқарастарын қалыптастырудан басталады. Табиғатты қорғауды үйретуді бесіктен бастау керек. Әрбір отбасында ата-ана балаларына қорғашан ортаның маңыздылығын, адамзат табиғатпен бірге дамып отыратынын ескертіп отыру қажеттігін айтып түсіндірілді.
Сонымкен қатар, колледж білімгерлері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды.
Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген. Мысалы: «Ер – елдің көркі, орман –тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі — тал» сияқты табиғат тақырыбына арналған мақал-мәтелдер толықтай осыған дәлел. Сонымен қатар, халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері де бар. Солардың бірі — тыйым салатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарға тиіспе», «Құс ұясын бұзба» және тағы басқа сөздер өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортаны, табиғатты, Жер -Ананы аялауға, экологияны жақсартуға өз үлестерін қосуға үйретеді-, деп Тұрлыхан Алиханұлы өз сөзін қорытындылады.