2018 жылы ауданның өнеркәсіп саласындағы өнімі мен көрсетілген қызмет көлемі 7 млрд. 962,0 млн. теңгеге жоспарланып, жалпы физикалық индекс көлемін 103,2 % орындау көзделген, деп хабарлайды Turaninfo ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте аудан әкімі Асқар Санатұлы мәлімдеді. Ауданда өнеркәсіп саласының ішінде ірі кәсіпорындардың жұмысы арқылы өнім көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік бар.Биылғы жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін ұлғайту мақсатында үш жобаны іске асыру міндеті тұр:
1. 2018 жылы «BioEnergia» ЖШС-не құны 3,3 млрд.теңгеге бағаланатын 4,95 МВТ «Биогаз электр станциясы» жобасын іске асыру мақсатында электр қуатын өндіру, жылу шығару және минералды тыңайтқыштарды өндіру үшін 20 гектар жер телімі бөлініп, қосымша жоба іске асырылғанда, инвестор 10 га жер теліміне құны 9,0 млрд.теңге болатын «Жылыжай» салу жоспарланып отыр.
2. «Aguila Solar» ЖШС-нің Құлан ауылы маңында қуаттылығы 24 МВТ күн сәулесі қуатынан шығарылатын электр өндіру станциясын іске қосу үшін жұмыстар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 16,0 млрд.теңгеге бағаланған. Бұл мақсатқа 74 гектар жер телімі бөлініп, бүгінгі күні барлық жобалау құжаттары 100 % дайындалды. Жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
2018 жылы кәсіпкерлік саласы бойынша 2990,2 млн теңгенің өнімі шығарылып, өнім көлемі-102,0%-ға ұлғаяды деп жоспарлануда. Ауданда ағымдағы жылы 1 мейрамхана, 3 асхана, 1 ТЖО, 5 дүкен, 1 автобөлшек дүкені, 1 көкөніс қоймасы және тағы басқа кәсіпкерлік нысандар пайдалануға беріледі. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017– 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2017 жылы 189 тыңдаушы оқу курсынан өтіп, 47 адам өз жеке кәсібін ашып, жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы 240 тыңдаушыны оқу курсынан өткізу жоспарлануда, осы жобамен 53 адам жеке кәсібін ашпақшы.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 6,6 млрд.теңгені құрап (2017ж — 5,6 млрд.), 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, нәтиже – 947,3 млн. теңгеге артып, орындалуы — 109,0 % жоспарланып жатыр. Шаруашылық субьектілерінің қаражаты – 6 млрд 643 млн.теңгені құрайды деген жоба бар.