Аудандық аурухана құрамындағы 41 емдеу мекемелерінің 16-сы — типті ғимараттарда орналасқан, деп хабарлайды Turaninfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы аудан әкімі Асқар Санатұлы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады.
Ыңғайластырылған ғимаратта орналасқаны – 13, оның ішінде 5-і үйде, 8-і ғимаратсыз.
Бірнеше жылдан бері ауданда ана өлімі болған жоқ, бала өлімі көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда, кеміген /2018ж-4 бала; 2017ж-5 бала/; туберкулез ауруымен тіркелгендер саны өткен жылдан азайған, биыл 4 болса, 2017 жылы 10 адам ауырған.
Халық көп шоғырланған Мамайқайыңды, Шолаққайыңды, Қарақат ауылдарында емдеу нысандарының жаңа құрылысы соғылмақ. Ауданда дәрігерлер саны-84 болса, қазіргі таңда қажеттілік-7 дәрігер, бұл мәселе жас мамандарды жұмысқа тарту арқылы оң шешімін таппақ.