Сүт бағытында құрылған 5 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің 2-і 116,5 млн. теңгеге несие алып, 413 бас сауын сиыр бағылуда, деп хабарлайды Turaninfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы аудан әкімі Асқар Санатұлы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады. 2017 жылы Меркі ауданындағы сыр зауытына 50 тонна сүт өткізілді. «Сұлутөр», «Алатау Агро» және басқа да кооперативтердің жұмыстары қарқынды түрде белсендірілуде.
Ауданда құрылған сүт бағытындағы 2 кооперативке 2 тонналық 2 танкер, ет бағытындағы 1 кооперативке 1 модульдік мал сою пункті орнатылып, 1 рефрижераторы алынды.
Аудан аумағында талапқа сай 2 ветеринариялық пункт бар. 2018 жылға жергілікті бюджеттен 30 млн.теңге бөлінген, бұл қаржыға 6 ветеринарлық пункт сатып алу жоспарға енгізілді. Қалған 7 пунктті сатып алуға облыстық бюджеттен 30 млн.т қаржы бөлуге сұраныс берілді. Жалпы ветеринариялық-профилактикалық іс-шара жүргізу жұмыстарына 2017 жылға 162 269,0 мың теңге қарастырылса, 2018 жылға 183 244,0 мың теңге бөлініп отыр.