Аудан бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы — 357,5 шақырым, оның ішінде: республикалық – 96,0 шқ, облыстық – 100,0 шқ, аудандық – 161,5шқ. Автокөлік жолдары бойынша 2018 жылы жолдың қанағаттанарлық жағдайы — 89,6 %-ға мөлшерленген (2017 ж -84,7%).
Ауданда 21 елді мекеннің 38 көше жолдарының 31,4 шақырымын 328,8 млн.теңгеге және 5 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 50,8 шақырымын 687,4 млн теңгеге барлығы 1016,2 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Есепті мерзімде 2 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыстары аяқталды: «Луговое-Воинская часть» 9,5 шақырымға 136178,9 мың теңгеге және «Каменка- пионер лагерь» 12 шақырымға 181279,3 мың теңге қаражат мөлшерінде жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, үш аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделуде:
— «Қорағаты- Мамыртөбе» 23,0 шақырым жолының 10 шақырымы жөнделді, жалпы жолға бөлінген қаражат 251696,0 мың теңге.
— «Көгершін ауылына баратын автомобиль жолы» 7,2 шақырым жолының 3 шақырымы жөнделді, жалпы жолға бөлінген қаражат 75757,9 мың теңге.
— «Құлан-ст.Луговая» 7,2 шақырым жолының 3,2 шақырымы жөнделді, жалпы жолға бөлінген қаражат 379614,5 мың теңге (2018 жылға 150000,0 мың теңге) нысан 2019 жылға өтпелі.