«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА – ЖОЛ ЖОҚ!»
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде дөңгелек үстел өтті.
Басқосуда Елбасы Жолдауының «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты тоғызыншы бағыты талқыланып, музей қызметкерлері қоғамымызда белең алып бара жатқан жемқорлыққа жол бермеу туралы еркін пікір алмасты.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуына кері әсері туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлық салдарымен күресу, сыбайлас жемқорлықпен байланысты әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік төңірегінде қилы пікірлерін ортаға салды. Іс-шарада сондай-ақ, халықтың, соның ішінде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Дөңгелек үстел отырысы соңында Елбасы Жолдауында жүктелген өзге де міндеттерді ілгерілету жөнінде ойлар ортаға салынып, «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!» деген ұранмен аяқталды.