Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес 2018 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың жобасын әзірледі.
Ұлттық баяндаманың мақсаты 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүзеге асырылуының тиімділігін кешенді талдау жасау, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттын құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру бойынша міндетті түрде орындалатын практикалық ұсыныстарды дайындау.
Ұлттық баяндама бес тараудан тұрады:
Бірінші – Заманауи кезеңде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатындағы жүйелік тәсіл.
Екінші – Ұлттық және халықаралық деңгейлердегі сыбайлас жемқорлықтың жағдайы мен үрдістері.
Үшінші – Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру: өзекті нәтижелері мен салдары.
Төртінші – Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша практикалық шаралар.
Бесінші – Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетін күшейту.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты бағалау процессіне жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында, Ұлттық баяндама бойынша азаматтардан ұсыныстар ағымдағы жылдың 4 ақпанына дейін қабылданады. Ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің электронды мекен-жайына жолдау anticorruption_zhambyl@mail.ru қажет.
Сонымен қатар, барлық тілек білдірушілерді ағымдағы жылдың 1 ақпаны сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облысы бойынша филиалының базасында өтетін (Тараз қаласы, Рысбек батыр қиылысы 8а) 2018 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың жобасын қоғамдық тыңдауына қатысуға шақырамыз.
Ұлттық баяндаманың жобасы Агенттіктің ресми сайтында жарияланған.
Сілтеме: http://kyzmet.gov.kz/ru/kategorii/nacionalnyy-doklad-o-protivodeystvii-korrupcii