Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, облыстық Ішкі істер департаментінің ЖПҚ Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Қуанышбек Қалжановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап береді.
Республикалық Жас Алаш газетінің 2018 жылғы 16 қазандағы номерінде жарияланған «Жамбылда жасөспірімдер қылмысы өршіп тұр» тақырыбындағы мақалаға орай өз пікірімді білдіруге рұқсат етіңіздер.
Мақала жарияланған күні мақаламен таныстым және мақала авторына мақаланың тақырыбы шын қалыптасқан жағдайға сәйкес келмейтіндігін хабарлап, өз қарсылығымды жеткіздім.
Облыстық ішкі істер департаментінің оперативті мәліметі бойынша 2018 жылдың 9 айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер тарапынан 104 қылмыстың тергеу жұмыстары аяқталып, 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда 20 (16,1%) қылмыстық іске азайған (2017 ж. 9 айында – 124).
104 қылмыстың 57-і Тараз қаласында (2017 ж.-66) тіркелсе, аудандарда 47 қылмыс (2017 ж.-58) тіркелген.
Атап айтқанда:
Байзақ ауданы – тұрақты (3/3);
Жамбыл ауданы – 2-ден 3-ке (50%) өскен;
Жуалы ауданы – 0-ден 4-ке (400%) өскен;
Қордай ауданы – тұрақты (16/16);
Т.Рысқұлов ауданы – 3-тен 9-ға (200%) өскен;
Мерке ауданы — 4-тен 1-ге (75%) төмендеген;
Мойынқұм ауданы 0-ден 1-ге (100%) өскен;
Сарысу ауданы – 12-ден 2-ге (83,3%) төмендеген;
Талас ауданы — 3-тен 2-ге (33,3%) төмендеген;
Шу ауданы – 15-тен 6-ға (60%) төмендеген;
Тараз қаласы – 66-дан 57-ге (13,6%) төмендеген.
104 қылмыстың, 4-і денеге жарақат салу, 65-і ұрлық, 2-і алаяқтық, 9-ы тонау, 4-і қарақшылық, 5-і бопсалаушылық, 3-і атвокөлік тонау, 4-і бұзақылық, 8-і басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылық жасаған фактісі ретінде тіркелген.
2018 жылдың қыркүйек айындағы талдау көрсеткендей кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 124 тен 104 фактіге яғни 16,1% төмендегенімен, мынадай қылмыс түрлері: денеге жарақат салу 1-ден 4-ге, бопсалаушылық 1-ден 5-ке, автокөлік тонау 1-ден 3-ке облыс бойынша өскен.
Облыс бойынша өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда кісі өлтіру 1-ден 0-ге, ұрлық 72-ден 65-ке, алаяқтық 3-тен 2-ге, тонау 19-дан 9-ға, бұзақылық 9-дан 4-ке, есірткі 1-ден 0-ге, басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылық жасағандар 11-ден 8-ге азайғанымен, кейбір қылмыс түрлері бойынша өсу динамикасы байқалып отыр, мысалы, ұрлық Тараз қаласы бойынша 29-дан 34-ке, Жамбыл ауданында 1-ден 2-ге, Жуалы ауданында 0-ден 2-ге, Т.Рысқұлов ауданында 2-ден 7-ге,Мойынқұм ауданында 0-ден 1-ге өскен. Тонау Т.Рысқұлов ауданында 0-ден 1-ге, Сарысу ауданында 0-ден 1-ге, қарақшылық Т.Рысқұлов ауданында 0-ден 1-ге, Меркі ауданында 0-ден 1-ге, қорқытып алушылық Тараз қаласында 0-ден 3-ке, Қордай ауданында 1-ден 2-ге, Автокөлікті ұрлау Тараз қаласында 0-ден 1-ге, Қордай ауданында 0-ден 2-ге өскен.
Тараз қаласында мектеп оқушыларымен жасалған қылмыстар саны 21-ден 26-ға, колледж студенттерімен жасалған қылмыстар 23-тен 26-ға өскен.
Жамбыл ауданында мектеп оқушыларымен жасалған қылмыстар саны 0-ден 2-ге, Т.Рысқұлов ауданында 5-тен 11-ге өскен. Колледж студенттерімен жасалған қылмыстар саны Тараз қаласында 23-тен 26-ға, Байзақ ауданында 1-ден 2-ге, Жуалы ауданында 0-ден 2-ге, Т.Рысқұлов ауданында 0-ден 6-ға, Меркі ауданында 0-ден 1-ге, Мойынқұм ауданында 0-ден 1-ге өскен.
Дегенмен, оның ішінде мектеп оқушыларымен 54 қылмыс жасалып, ол өткен жылғыдай 54 факті болып тұр, колледж білімгерлерімен 44 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 фактіге өскен (2017 ж. 9 айында мектеп оқушыларымен — 54, колледж білімгерлерімен — 35 қылмыс жасалған болатын).
2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 121 (2017 жылдың 9 айында 119 болған), соның ішінде зорлау 1 (2017 жылдың 9 айында — 4), сексуалдық сипаттағы күш көрсету 5 (2017 жылдың 9 айында — 12), 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау – 23 (2017 жылдың 9 айында — 11), жас балаларды азғындық жолға түсіру (124) — 6 (2017 жылдың 9 айында — 11).
Талдау көрсеткендей 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау фактісі 11-ден 23-ке өсіп отыр.
Жамбыл облыстық ІІД ЖПҚ Ювеналдық полиция бөлімшесінің ақпаратына сәйкес, ҚР ҚК-нің осы бабы бойынша мәліметтер медицина мекемелерімен салыстыру нәтижесінде анықталған. Аталған оқиғалар бойынша жанұялар профилактикалық бақылауға алынған жоқ, себебі олар жанұя құрғандар, балалары бар және аморальдық өмір сүру салтын ұстанбайды.
Мектеп, колледж әкімшіліктерінің ықпалымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127 бабы, яғни ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған жасөспірімдерді тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін өз деңгейінде орындамағаны үшін 41 ата-ана жауапкершілікке тартылған.
130 ата-ана Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-1 бабымен (балаларының түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 442-2 бабы (балаларының түнгі уақытта, сағат 23.00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 3688 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 132 бабы, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 80 қоғамдық орындардың әкімшілеріне хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылған.
Аталған Кодекстің 133 бабына сәйкес, 18-ге толмаған жасөспірімдерге темекі және темекі бұйымдарын сатқаны үшін 37 әкімшіге хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылған.
ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200 бабы, яғни Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың 80 фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.