«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында агроөнеркәсіп инспекциясы және полиция бөлімімен бірлесіп жобалық офис қызметкерлері шілде айының 5-12 аралығында шет аймақтардың өсімдік өнімдерін импорттау кезінде карантиндік және фитосанитарлық бақылауды ұйымдастыру бойынша рейдтік іс-шараларды өткізді.
Рейдтік іс-шаралар өзге аймақтардан әкелінген карантиндік өнімдердің көпшілігі тиісті карантиндік сертификаттардың жоқтығын көрсетуде.
Рейд барысында карантиндік өнімдерден бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықталып, 75750 теңге сомасына 3 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, іс-шаралар барсында Қырғызстан Республикасынан әкелінген 74 келі шиенің ішінен шыбын құрты анықталғанымен, аталған шие шыбының құрты карантинді заттар қатарына жатпауының салдарынан қайта айналымға жиберілген болатын.
Осыған орай, аталған мәселе талқыланып, шиенің тұтас желінетін ескере отырып, адам ағзасына зиян келу мүмкіндіктерін болдырмау мақсатында, шие шыбының карантинді объектілер қатарына кіргізу туралы уәкілетті органға ұсыныс берілді.