Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Т.Рысқұлов атындағы орталық саябақта қаламызды көгалдандыру және абаттандыру, жастардың экологиялық, эстетикалық мәдениетін арттыру, жас отбасыларды
қоғамдық-мәдени шараларға тарта отырып, Отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін ояту, ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ярнбомбинг жасау мақсатында «Біздің ағаш» атты аумақты абатандыру және «Сиқырлы ағаш» атты ярнбомбинг акциясы өткізілді.
Ақция аясында шаңырақ көтерген он жас отбасы шырша ағаштарын отырғызып, өздері отырғызған ағашқа есімдері жазылған тақтайшалар («Шәмшілер», «Тұрғынбековтар», «Сағынбаевтар», «Бекайдаровтар», «Жылқышевтар», «Умербековтар», «Егізбековтар», «Қалдарбековтар», «Әкімовтар», «Кәдірхановтар» отбасыласы) орнатты және ярнбомбинг кезінде әр отбасы ағаштарды сәндеді.