Шу ауданында денсаулық сақтау саласында 37 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет жасауда
Мұндай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шу ауданының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы бөлісті.
Спикердің сөзіне сүйенсек, Шу ауданында денсаулық сақтау саласында 37 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет жасауда, онда барлығы 171 дәрігерлер мен 847 орта буындағы медицина қызметкерлері қызмет көрсетуде.
Ағымдағы жылы аудан бойынша 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіш коэффициенті 19,8 құрады (2016 ж. – 20,4). 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіш коэффиценті 5,5 құрады(2016 ж.–5,7) немесе денсаулық сақтау мекемелерінде орын алған өлімдер саны бойынша 553 факті тіркелген (2016 ж.– 572).
Есепті кезеңде 1 ана өлімі тіркелді, ал 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің көрсеткіш коэффиценті 5,5 (2016 ж.– 9,9). 2017 жылдың есепті кезеңінде 1983 нәресте дүниеге келсе, 2016 жылы2022 нәресте туылған (оның ішінде қайтыс болғандар саны 20 бала). 2017 жылы 12 нәресте өлімі тіркеліп, 2016 жылмен салыстырғанда 8 балаға төмендеді.
100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауырғандар көрсеткішінің коэффиценті 97,6 құрады, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 70,9 болған (2017 ж. -97 адам науқастанған, 2016 ж.– 70).
Сонымен қатар, 100 мың адамға шаққанда қан қысымымен науқастанғандар көрсеткіш коэффициенті 2221,6 құрады (2016 ж.– 1717,0), қатерлі ісікпен науқастанғандар көрсеткіші – 139,9 болды (2016 ж. – 166,1), наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіш коэффициенті 39,9 құрап (2016 ж.– 52,3), жүйкесі сыр бергендер көрсеткіші 27,9 (2016 ж.– 30,2).
2017 жылы Бірлік ауылында күніне 20 келушіні қабылдауға мүмкіндігі бар жаңа форматтағы дәрігерлік амбулаториясының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Биылғы 2018 жылы Бәйдібек және Көкқайнар ауылдарында 10 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория және аудан орталығы Төле би
Аудандағы жалпы 48 білім беру ұйымдарының (38 орта, 8 бастауыш, 2 негізгі мектеп) 1037 сынып комплектісінде 2017-2018 жаңа оқу жылында 18880 балаға 2215 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 105 сынып комплектісінде 1806 бала білім алуда, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 2215 оқушы қабылданды.
Жалпы педагогтар саны – 2215 жоғары санатты -550 (24,8%), бірінші санатты-611 (27,6%), ІІ санатты-520 (23,5%), санатсыз 534 (24,1%). Жалпы мұғалімдердің 2042(92,2%) жоғары білімді, 173(7,8%) мұғалім арнаулы орта білімді.
Білім бөлімінің бюджеті 2017 жылға 7393,7 млн. теңге.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 413 млн. 804 мың теңге бөлінді оның ішінде: мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу» бойынша оқулықтарға-165 млн. 260 мың теңге бөлініп,толығымен игерілді.
2017 жылдың шілде айында Шу қаласында 75 орындық жекеменшік «Інжу» атты балабақша, 1-ші желтоқсан тәуелсіздік күніне орай Балуан Шолақ ауылында 2 топтық жекеменшік «Амира» атты балабақша ашылды.
Бүгінгі күні 47 мектепке дейінгі ұйымда (28 балабақша (23мемлекеттік, 5жекеменшік), 19 шағын орталықта) 3911 бала (балабақшаларда-3187, шағын орталықтарда -724 бала) тәрбиеленуде. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 51,7 %, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 75,9 % құрайды. Аудан бойынша 1-6 жас аралығындағы бала саны 7560, 3-6 жас аралығындағы бала саны 3752.
Аудандағы 49 мәдени ошақтар халыққа қызмет етуде. Елді мекендердегі мәдени ошақтардың 21–і мәдениет үйлері мен клубтар, 27-і кітапхана, 1 музей. Мәдениет-демалыс жұмысын қолдау бағдарламасына 2018 жылға 348 млн. 206 мың тенге бөлініп отыр. 2017 жылы бұл көрсеткіш – 319 млн. 967 мың тенге болып, қаржыландыру 9% артты. Аудандағы кітапханалар жүйесін қаржыландыру көзі үстіміздегі жылы 97 млн. 520 мың теңгені құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш – 95 млн. 351 мың теңге болып қаржыландыру 4% артты.
Кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры – 244 мың 519 дана, оның мемлекеттік тілдегісі – 122 мың 332 дана кітап. Мәдени ошақтар мен кітапханаларда өткізілген іс-шаралар саны – 1950 болса, оған қамтылған халық саны — 120 мың 690 болды,- деп баяндады спикер.