Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен аймақ басшысы Асқар Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Жамбыл облыстық филиалы ғимаратының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Нысанның асхана және спорттық құрылғылар орнатылған «Relax» қабатында болған олар үстел теннисін ойнап, бір сергіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, осығанға дейін хабарлағанымыздай бүгін Алик Жатқанбайұлы Таразға жұмыс сапарымен келіп Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Жамбыл облыстық филиалы ғимаратымен танысып, «Кәсібилендіру мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды факторы ретінде: аймақтық контекст» аймақтық семинар-кеңеске қатысуда.
TURANINFO.KZ
Комната релакс
Опубликовано Исламбеком Дастаном Вторник, 18 сентября 2018 г.