20 қаңтар күні білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Серпін бағдарламасы: болашағы және қазіргі жағдайы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.
Онлайн кездесу — «Серпін» жобасын іске асыру барысымен ақпараттандыру, жастардың жұмысшы мамандықтар бойынша білім алуға деген оң көзқарасын қалыптастыру, бағдарлама бойынша грант негізінде оқуға түскен студенттердің жағдайымен танысу мақсатында ұйымдастырылды.
-Бұл бағдарламалық жоба бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік жобаға айналып үлгерді. Жоба аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары, өндіріс орындары дамыған, жұмысшы күшіне қажеттілік қалыптасып отырған Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Облысымызда «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» — «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында 2015 жылы — 443, 2016 жылы -262, 2017 жылы -283, 2018 жылы -224, 2019 жылы-118, 2020 жылы- 52 (оның ішінде: педагогикалық мамандықтар-30, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-13, инженерлік, өндірістік және құрылыс салалары-9) барлығы 1382 талапкер оқуға түсті. Оның: 1151-і жоғарғы оқу орындарына, 231-і колледждерге педагогикалық, техникалық, технологиялық, ауылшаруашылығы мамандықтар бойынша білім алуда,- деп Техникалық және кәсіптік білім беру дамыту орталығының директоры Есжанов Дархан Кеңесбекұлы баяндады.
Сондай-ақ, онлайн жиында Қарағанды, Семей, Петропавл және Көкшетау қалаларында аталған жоба бойынша білім алып жатқан студенттер бағдарламаның мүмкіндіктері туралы ойларымен бөлісті.
Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің жауапты мамандары, әдіскерлер, ЖОО-ның өкілдері, студенттер мен түлектер, барлығы 100 адам қатысты