Серікбай қажы Ораз Таразда батыр анаға пәтер кілтін табыстады

408
ҚАРАЛЫМ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған іс-сапары аясында Тараз қаласында күміс, алтын алқа иесі, жалғызбасты, сегіз баланың анасы Айгүл Əмірееваға пəтер кілтін табыстады.

 

«Құтты қоныс болсын. Алла Тағала осы шаңырақтың ішін жақсылық пен берекеге толтырғай», — деп дұға жасады Бас мүфти.

Батыр ана жомарт жандарға алғысы мен жүрекжарды тілегін жеткізді.
Айта кетейік, жаңа пəтер «Зекет» қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың қолдауымен сатып алынған.
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы