Кейбір БАҚ мен әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қызметінен босатылуы Жаңатастағы қайғылы жағдаймен байланыстырылып отыр. Өрт салдарынан шаһарда 5 бала көз жұмған болатын. Бұл екі оқиға бір-бірімен мүлде байланыспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Бақытжан Жақсылықовты қызметтен босату туралы шешім өзінің берген өтініші негізінде қабылданғанын хабарлаймыз.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі