Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жылқыбаев Ержан Жұматұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ержан Жылқыбаев 1982 жылы 17 желтоқсанда дүниеге келген. Білімі: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. 2006 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 2003-2004 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының экономика департаментінде бас маман. 2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет Өкілдігінде бас сарапшы. 2007 ж. – Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің мемлекеттік кәсіпкерлік басқармасының әдіснама және норма шығармашылығы бөлімінің басшысы. 2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі. 2009 жылдың наурыз-маусымында – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. 2009 жылдың маусымы – 2012 жылдың қаңтары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары. 2012-2014 жж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының басшысы. 2014-2016 жж. – ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2016 жылдың мамыры– 2019 жылдың наурызы – Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі. 2019 жылдың 26 наурызынан- 2019 жылдың 2 мамыры – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2019 жылдың 2 мамырынан бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі