Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен құрылыс нысандарының сапасын бақылау жүйесіне қатысты жиын өтті.
2018 жылдың маусым айында кәсіпкерлерді қолдау жөніндекейбір заң актілеріне өзгерістер енгізіліп, құрылыссаласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасынтексеру бойынша бірқатар құзыреттіліктер қысқартылған.
Облыс әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес, өңірдегіқұрылыс нысандарына бақылауды күшейту мақсатында«Заңсыз, негізгі құжаттарсыз және сапасыз құрылыстардыболдырмау іс-шаралар жоспары» әзірленіп, бекітілді. 2018 жылы құрылыс сапасына қатысты 168 әкімшілік ісқозғалған болса (айыппұл сомасы 18,1 млн. тг), оның 114-і немесе 68 пайызы (айыппұл сомасы 12 млн. тг) аталған іс-шара нәтижесінде анықталған. А.ж. алғашқы тоқсаныныңөзінде 89 іс қаралса (айыппұл сомасы 9,2 млн. тг), оның 74-і немесе 83 пайызы (айыппұл сомасы 8 млн. тг) іс-шара нәтижесінде белгілі болған.
Облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылаубасқармасы тарапынан облыс аумағындағылицензиаттардың электронды деректер базасы құрылып, лицензиаттар бойынша барлық мәліметтер енгізілуде. Нәтижесінде облыста тіркелген 1500 лицензиаттың 700-і қысқартылды. Яғни, бүгінгі күні Жамбыл облысындағықұрылыс саласындағы лицензиаттардың саны 800-ді құрапотыр. Аталған деректер базасы құрылыс саласындағы атыбар да заты жоқ мекемелердің лицензия алуына шектеуқоюға мүмкіндік беріп отыр. Ал, бұл өз кезегінде құрылыссапасының артуына септігін тигізері сөзсіз.
Жиында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылып, қолданысқа енгізіліп жатқан өңірдегі «Құрылыснысандарының электронды деректер базасының» тиімділігі, пайдалы тұстары кеңінен сөз болды. Деректер базасымониторинг жүргізуді, қызыл сызықтың сақталуын, құрылыс мәдениетін, заңдылығын, сапасын қамтамасызетіп, құрылыс нысандарының басталған күніненпайдалануға берілгенге дейінгі аралықта бақылауға, құрылыс көлемін анықтауға, заң бұзушылықтардың алдыналуға толық мүмкіндік береді.
Асқар Исабекұлы жүргізіліп жатқан әрбір құрылыстыңсапалы атқарылуы адам өмірінің қауіпсіздігіменбайланысты екенін баса айтып, бұл бағыттағы жұмыстарқашанда назардан түспеу керектігін ескертті. Өңір басшысымердігерлердің құрылыс жұмыстарын бақылау шараларынатапсырыс берушілермен қатар ауылдық округ әкімдері де барынша атсалысу керектігін тілге тиек етті. Соныменқатар, құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылғаннысандардың кепілдік мерзімі аралығында пайдаланукезіндегі сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізудітапсырды.