Нұр-Сұлтан, 26 маусым. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкіміне сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда өтеді. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» — деп, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған Өкім мәтінінде айтылған.