Биыл волонтерлардың әлеуеті қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларына нақтылы көмек көрсетуге бағытталды. Облыста 2 мыңға жуық еріктілер дерекқоры жасалды. Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыс әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №52 қаулысымен «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасын іске асыру жөніндегі Жоспары бекітілді.
Жоба аясында 1800 волонтер облыстағы 250 мыңға жуық отбасыларын аралай отырып, арнайы әзірленген әлеуметтік сауалнама толтырылды. Барлық волонтерлар сауалнама толтыру әдісіне оқытылды. Аралау жұмыстары жаппай 25 наурызда басталды. Бүгінгі күнге аралау жұмыстары облыс бойынша толық аяқталды. Жалпы 218 736 отбасы (жалпы отбасы санына шаққанда 85,9%) араланса, 77 385 отбасына сауалнама толтырылды (жалпы араланған отбасының 35,4%). Тараз қаласы бойынша 77 257 (86,5%) араланып, 5211 (6,7%) сауалнама толтырылды. Толтырылған сауалнамалар арнайы әзірленген дерекқорға енгізілді. Анықталған мұқтаждықтар саралана отырып, әр аудан, қала бойынша облыстың әлеуметтік картасы әзірленуде.
Жобаны іске асыруға облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасынан арнайы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 15 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бұл қаржыға Тараз қаласында 3 «Qamqor» қайырымдылық дүкендері (Төле би көшесі, 74 «Б», Ленин көшесі, 97 «А», Бәйдібек би көшесі, 1 «А») ашылды, олар қажетті жабдықтармен (арнайы сөрелермен жабдықтау, тазалау құралдары т.с.с.) жабдықталған.
Одан бөлек, халық көп шоғырланатын сауда орындарында 5 қайырымдылық жәшігі орнатылды ( 1)Тараз қаласы, 9 м/а «АЙРЫЛМАС» сауда орталығында 2 жәшік, 2)Тараз қаласы, Абай көшесі «ТАРГО» сауда орталығы, 3) Қант зауыты алқабы, Рафинадная көшесі №3 «А» «Тәтті Себет» (Вкусная Корзинка) дүкендер желісі, 4)Тараз қаласы, 40 мельница, «Тәтті Себет» (Вкусная Корзинка) дүкендер желісі).
Жыл басынан бері аталған дүкендер арқылы 752 отбасына 3 тоннаға жуық киім-кешек таратылды. Сәуір, Мамыр, Маусым аралығында қаламыздағы үш дүкенде Төле би 74 «Б» көшесіндегі дүкеннен 120 отбасы киім-кешек алды, Ленина 97 «А» көшесіндегі дүкеннен 73 отбасы киім кешек алды, Байдібек би 1 «Б» көшесіндегі дүкеннен 32 отбасы киім кешек алды. Бүгінгі таңға дейін «Qamqor» қайырымдылық дүкендері арқылы барлығы 912 отбасыға 2720 кг. киім-кешекпен көмек берілді.
Әлеуметтік дүкеннің жұмысымен қатар біздің еріктілер облысымыздың демеушілерін «Қамқор» жобасын жүзеге асыруға тарту мақсатында түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, өткізуде. Мәселен, мамыр айында «Тәтті Себет» дүкен желісінің демеушілігімен Тараз қаласындағы аз қамтылған 40 отбасыға гуманитарлық көмек көрсету бойынша азық-түлік таратуға арналған бір күндік акция өткізілді. Маусым айында Тараз қаласы, №30 мектептің түлектерімен азық-түлік жәрдемі тағы да 4 отбасына берілді.
«Сонымен қатар, жоба аясында волонтерлармен жергілікті жерлерде түрлі тұрмыстық заттар, киім-кешектер жинастыру, заттарды мұқтаж отбасыларына тарату шығындары, одан бөлек, волонтерлармен түрлі мәдени-спорттық көпшіліктік шаралар ұйымдастыру, оларды бағалы сыйлықтармен марапаттау, жыл қорытындысы бойынша нәтижелі жұмыс атқарған 12 волонтерға демалыс орындарына жолдама беру секілді ынталандыру шаралары қарастырылған.
Арыс қаласы тұрғындарына көрсетілген көмек бойынша ақпарат
«QamQor» қайырымдылық дүкені ағымдағы жылдың 25 маусымы сағат 09.00-де Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты көмек қолын ұсынамын деген Жамбыл облысы тұрғындары үшін гуманитарлық көмек орталығын ашты. Бұл туралы әлеуметтік желі парақшаларында арнайы хабарландырулар жарияланды. Бүгінгі таңға дейін аталған бағытта 20 адамнан және «Вольтман» автомобильдер дүкені желісінен түрлі заттай көмек түрлері ұсынылды. Олар: (1. Балалар жөргегі- 603 дана,сұйық сабын -12 дана, иіс сабын-100 дана, кір сабын-100 дана, су-120 л, ұн-10 кг, макарон-50 кг, қант -5 кг, горох-5 кг, күріш-5 кг, жамылғы-7 дана, көрпеше-3 дана, тіс пастасы-30 дана, тіс щеткасы-30 дана, қырыну құралы-80 дана, дәретхана қағазы-50 дана, қағаз майлықтар-30 дана, ылғалды майлықтар-10 дана, киім-кешек — 50 кг, күнбағыс майы-7 л.)
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 25 маусым күні орын алған төтенше жағдайға байланысты Тараз қаласы, №13 теміржол көлігі колледжінде уақытша орналастырылған Арыс қаласы тұрғындарына және ««QamQor» қайырымдылық дүкеніне көмек сұрап келген Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмектер көрсетілді. Атап айтар болсақ, ( Балалар жөргегі- 100 дана, сұйық сабын -6 дана,иіс сабын-50 дана, кір сабын-50 дана, су-60 л, ұн-10 кг, макароны-25 кг, қант -5 кг, горох-5 кг, күріш-5 кг, жамылғы-4 дана, тіс пастасы-15 дана, тіс щеткасы-20 дана, қырыну құралы-60 дана, дәретхана қағазы-50 дана, қағаз майлықтар-20 дана, ылғалды майлықтар-6 дана; киім-кешек — 60 кг, күнбағыс майы-7 л.)