Тараз қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Мадимаровтың атына облыс орталығының тұрғыны У.Құлмұратова шын жүректен алғысын білдірді.
Әйел өз хатында, белгісіз тұлғалар алып кеткен немересінің ұялы телефонын бір тәулік ішінде тауып берген полиция қызметкерлері А.Шокаев, Н. Көпбаев, И.Махамбетов және Ж.Айтбековтің жоғары кәсібилігі мен жеделдігін атап өтті.
Бүгінгі таңда, Тараз қаласы Полиция басқармасының мәліметтеріне сәйкес, ұрлыққа қарсы қылмыстардың ішінде ұялы телефондарды ұрлау саны негізгі үлесті құрайды. Дегенмен, полиция қызметкерлерінің жедел қызметінің арқасында ұялы телефон ұрлығының ашылу пайызы айтарлықтай өсті. Егер өткен жылы бұл көрсеткіш 37,6%-ды құраса, биылғы жылы ол 42,9% — ға дейін көтерілді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұрлыққа қарсы күресті ұйымдастырудағы ең маңызды сәттердің бірі жұмысты ұйымдастыру үшін ішкі істер органдарына «ізін суытпай» дер кезінде хабарлау болып табылады.