Петропавлдағы «Ударник» ойын-сауық орталығының алдында екі қызды көлік қағып кеткен. Бұл істе күдікті облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық зерттеулер қызметінің бұрынғы қызметкері Әләшер Сейіткереев болып отыр. Бұл туралы zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.Сейіткереев медициналық тексерістен өтуден бас тартты. Анықталмаған мәліметтер бойынша, көлікті оқиға орнынан қашып кеткен ірі компания басшысының ұлы басқарып отырған болуы да мүмкін.
Жол-көлік оқиғасы 14 қыркүйектен 15 қыркүйекке қараған түні болған. Зардап шеккендердің бірі 1996 жылы туған азаматша болса, екіншісінің кім екені анықталмаған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік жүргізушісі мас болған. Ал темір тұлпардың ішіндегілер оқиға орнынан қашып кеткен. Видеода көліктің жылдамдығы қалыпты болғаны көрсетілген.