Қордай ауданының бас имамы ауысты

471
ҚАРАЛЫМ

Қордай ауданының бас имамы болып қызмет атқарған Дәуренбек Жандосұлы Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітіне наиб имам- «Үшқоңыр» медресе-колледжінің директор орынбасары қызметіне ауысуына байланысты, Қордай ауданының бас имамы қызметіне ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен  Құттыбаев Дәурен Нұржанұлы тағайындалды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл Дәуренбек Жандосұлына алғысын жеткізіп, алғыс хат табыстап, қазақы салт бойынша йығына шапан жапты. Сонымен қатар білікті маман Жамбыл облысының әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ақсақалдар жаңа қызметтеріне кіріскен қос имамға ақ баталарын беріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

Дереккөз: asyldin.kz 

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы