Олжас Қуандықов бойдақтықпен қоштасты
Облысымызға белгілі кәсіпкер, өңірдегі кинотеатр саласын дөңгелетіп отырған жас бизнесмен, талай арудың арманы болған Олжас Қуандықов бойдақтықпен қоштасты. Құпияны сырсандығында қызғыштай қорып сақтайтын Олжас Қуандықовтың жүрегінің бос не бос емес екендігі баршаға беймәлім еді. Міне бүгін ол өзінің инстаграм парақшасында көптің санасын сарсаңға салған сауалға нүкте қойды. Жастарға үлгі болып, түрлі басқосуларда студенттер алдында бизнесті бастаудың түрлі жолдарын түсіндіріп, білгенін үйретуден аянбай жүрген кәсіпкер бүгінгі дейін болашақ жары туралы еш жерде тіс жармап еді.
Бизнесменнің таңдауы өзіне іскерлік жағынан әріптес болып келетін, мүсіні мінсіз, сымбаты келіскен «бизнесвумен» Сабина Оралова есімді бойжеткенді түсіпті. Сабинаның да өз ісінің хас шебері екендігін әлеуметтік желідегі парақшасынан аңғардық. Келініміз қазіргі уақытта сұранысқа ие табыс көзі саналатын сұлулық салон бизнесін Тараз қаласымен қатар Астана қаласында да жүргізіп келеді. Қазақтың «тең-теңімен» дейтін мәтелі осындай жұптарға арналып айтылса керек. Тұтынушылар алдында үлкен жауапкершілікті талап ететін бизнеспен айналысу үшін тәжірибе мен мол парасаттың керек екені анық. Бұл ретте Олжас пен Сабинаның тәжірибесі ұшан теңіз екенін барша жұрт біледі. Бәлкім қос ғашыққа дәл осы сәтте шаңырақ көтеруі үшін жылдар бойы бизнестің отымен кіріп, күлімен шығуы керек болған шығар. Қалай болғанда да осы сүйінші хабарды естіген арулар мен азаматтар дәл бүгін бармақтарын тістеп отырғаны жасырын емес. Жас отбасы болған ғашықтардың келешекте де қол ұстасып талай асудан асарына сеніміміз мол. Осы орайда Олжас Қуандықов пен Сабина Оралованың көтерген жас шаңырағына шаттық, шексіз ғұмыр, бақ пен береке тілейміз.
Фото Олжас Қуандықовтың жеке парақшасынан алынды.
TURANINFO.KZ