Биылдан бастап волонтерлардың әлеуеті қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларына нақтылы көмек көрсетуге бағытталды.Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыс әкімдігінің №52 Қаулысымен (2019 жылғы
14 наурыздағы) «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасын іске асыру жөніндегі Жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес әлеуметтік карта жасақтау мақсатында барлығы 1800 жас волонтер ретінде тартылды.
Бұл мақсатқа 15 млн теңге қаржы қаралды. Тараз қаласында 3 қайырымдылық дүкені (Бейбітшілік 97 «А», Бәйдібек би 1 «А», Төле би 74 «Б» көшелерінде) ашылды, олар қажетті жабдықтармен (арнайы сөрелермен жабдықтау, тазалау құралдары т.с.с.) жабдықталды.
Халық көп шоғырланатын 5 сауда орындарында арнайы киім-кешек, тұрмыстық заттар қабылдауға арналған жәшіктер
(9 мөлтек ауданы «Айырылмас» СО, Абай даңғылы «Тарго» СО, Қант зауыты аймағы, Рафинадная көшесі 3 «А» «Тәтті себет» («Вкусная корзинка») СО, Жібек жолы 64 «Б» (40 мельница), «Тәтті себет» («Вкусная корзинка») СО)орнатылды.
Жыл басынан бері жалпы 6 тонна (874 кг — қорлардан, 5,1 тонна халықтан) киім-кешек жиналса, 2,5 тонна киім-кешек үлестірілді.
Жалпы дүкенде 3,5 тонна киім-кешек қоры бар.
Дүкендерге 70 отбасы айына 1 реттен келсе, 20 отбасы
3 айда 1 реттен келетіні анықталды.
Сол сияқты, жоба аясында волонтерлардың ықпалымен облыс бойынша 609 отбасына 3,2 млн теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Жоба аясында «Харекет» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып Т.Рысқұлов, Байзақ аудандары мен Тараз қаласында
6 мұқтаж (Байзақ — 2, Қаратау — 2, Т.Рысқұлов — 2) отбасына пәтер алып берілді. Жыл соңына дейін 4 үй алып беру жоспарлануда.