Қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылды
Тараз қаласы №2 сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігімен (есірткі заттарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) айыпталып, сотқа берілген Б.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Іс құжаттары бойынша, қала тұрғыны Б. 19 мамыр 2017 жылы шамамен 17.00 сағатта Тараз қаласының Алатау көшесімен келе жатып, «Дүкен» дүкенінің қасынан жерден ішінде «кептірілген марихуана» есірткі заты бар темекі қорабынан түйір тауып алған. Б. қоғамдық жерде тұрғанын біле тұра, сол жерде оны тұтынуға шешім қабылдаған. Ол қоғамдық жерде — Тараз қаласы Алатау көшесіндегі «Дүкен» дүкенінің жанында табылған марихуананы шегу арқылы тұтынған. Ол медициналық емес мақсатта «кептірілген марихуана» есірткі затын тұтынғаннан кейін оған полиция қызметкерлері келіп, оны полиция бөліміне алып барған, содан кейін облыстық наркологиялық диспансерде куәландырылған. Куәландырудың нәтижесінде Б.-да құрамында каннабиноид бар есірткі затын тұтыну фактісі анықталған.
Тараз қаласы №2 сотының 06.06.2017 жылғы үкімімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Б. ҚР ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60 (алпыс) сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды. Үкімнің орындалуын бақылау сотталғанның тұрғылықты мекен-жайы бойынша пробация қызметіне жүктелген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
TURANINFO.KZ