2019 жылғы 10-11 маусымда Тараз қаласында Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысы өтеді.
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен келген 180-ге жуық дарынды балалар қатысып, өз жобаларын қорғайды.
Жас өнертапқыштардың сайысында «Үздік өнертапқыш», «Алтын зымыран», «Үздік техник», «Үздік кеме құрастырушы», «Үздік көлік құрастырушы», «Үздік әуе модельдеуші» номинациялары бойынша үздік қатысушылар анықталатын болады.
Білім алушылардың шығармашылығын, таным қабілетін, интеллектуалды бастамаларын қолдау мақсатындағы байқау екі күнге жалғасады.