ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Мақсұт Нәлібаев Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Мақсұт Нәлібаевтың төрағалығымен «Достық үйі» алаңында «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау — бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясының делегаттары, түрлі ұлттар мен діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. Күн тәртібінде этномәдени бірлестіктер арасында, сондай-ақ жастар арасында, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері талқыланды.
Департамент басшысы өз сөзінде этносаралық және діни бірлестіктердің мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, «дөңгелек үстел» қатысушыларына жемқорлықтың барлық көріністерге қарсы тұруға шақырды.