2019 жылдың 27 шілдесінде Мойынқұм ауданының полиция бөлімінің «102» пультіне құрамында алтыны бар кен тастарын жинаған азаматтар туралы хабарлама келіп түсті.
Олар кен тастарын жинаумен айналысып, оларды «УАЗ» маркалы үш автомашинаға тиеген.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері құрамында бағалы металл бар төрт қап кен тастарын тәркіледі. Осы дерек бойынша сегіз күдікті ұсталды.Тәркіленген кен тастарына сот- химиялық сараптамасы тағайындалды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 334-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі