Жастарды ақпараттандыруға бағытталған «Болашаққа бағдар» көшпелі кеңес беру автокеруені жұмысын Мойынқұм ауданында жалғастырды.
Іс-шара аясында аудандық емхананың қызметкерлерімен, діни бірлестіктердің өкілдерімен және аудандағы мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың басшылығымен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, мектептегі жазғы лагерлердің ұйымдастырылуы және балабақшалардағы балаларға қолайлы жағдай жасалу мәселелері қаралды.
Мәселен, Мойынқұм ауылындағы М.Жұмабаев, Ж.Жабаев мектептерінің балаларға арналған жаздық лагерін ұйымдастырылуы, санитарлық нормалардың сақталуы, аспен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, 2019 жылғы 16 мамырдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі водомствоаралық комиссия отырысының №2 хаттамасының 3.4. тармағымен облыс әкімдігінің білім басқармасына білім беру ұйымдарында ақша жинауға тосқауыл қою туралы шектеулерді қабылдау туралы тапсырманың орындалуы зерделенді.
Мойынқұм ауылындағы «Мойынқұм» мешітінде аудандағы 12 имаммен кездесу барысында, Имамдарға мешітке келетін жамағатқа жемқорлықтың салдары бірден бір күнә екендігі жеткізуді, ұсақ құқықбұзушылыққа жол бермеу бойынша ауыл, аудан тұрғындарымен жұмыс жасау туралы да ұсыныстар берілді.
Сонымен бірге аудандық емхананың қызметкерлеріне денсаулық сақтау саласында жиі орын алатын жемқорлық мәселелері, дәрі-дәрмекті науқастарға бөлу, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезіндегі ашықтықты қамтамасыз ету және азаматтармен жұмыс жасау барысында барынша дәрігерлік этика талаптарын сақтауға шақырды.
Аудан мәжіліс залындағы кездесуде, аудан әкімдігіне және полиция бөліміне ауыл тұрғындары тарапынан ауыл аймағына заңсыз қоқыс тастау бойынша нақты шаралар қабылдап, тазалықты қамтамасыз ету туралы, мемлекеттік органдарға ашықтықтық қамтамасыз ету мақсатында «сервистік әкімдік» ашуды қарастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыратын мемлекеттік орган басшыларына әкімшілік кедергілерді болдырмау бойынша жұмыстар жасау ұсынылды.