Бұл туралы ӨКҚ-де Мойынқұм ауданының әкімі Нүркенов Бахытжан Балтабекұлымен өткен брифинг барысында айтылды.
Спикердің сөзіне сүйенсек, 2017 жылдың қорытындысымен аз қамтылған 4 отбасы нақты анықталып, оның 14 мүшелеріне 386,9 мың теңге «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» тағайындалып, төленді.
527 отбасының 18 жасқа дейінгі 1639 балаларына 36,5 млн. теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, толықтай төленді.
2017 жылдың 12 айына оңалту бағдарламасы бойынша гигиеналық құралдарға мұқтаж 74 мүгедектердің өтініштері қанағаттандырылып, 8825,0 мың теңге игеріліп, гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.
«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмекке жергілікті бюджеттен 2739,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 4991,0 мың теңге қаралып,2017 жылдың 12 айында 42 отбасының 272 мүшелеріне қаралған қаржы толықтай игерілді.
2017 жылдың қортындысымен аудан бойынша кедейшілік деңгейі 0,2% құрады (2016 жылы кедейішілік шегі 0,2 пайызды құраған).
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша барлығы 260-адамға жолдама беріліп, оның 75-і тұрақты жұмысқа орналасқан.
2-ші бағыты бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ арқылы 14-адамға 50,6 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді.
3-ші бағыты бойынша 27-жұмыссыз азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жыл қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,6% құраса, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінгендерден жұмысқа орналасқандар үлесі 80,6% орындалды (жоспар 79,1%).
2017-2018 оқу жылында ауданда 21 орта, 2 негізгі, 2 бастауыш мектеп, 5 қосымша білім беру ұйымдары, 15 балабақша мен 7 шағын орталық білім алушыларға қызмет көрсетуде.
2017 жылы аудан бойынша барлығы 993 мұғалім болса, оның 217 жоғары (21,8%) және 250 бірінші санатты мұғалімдер (25,1%), екінші санатты 244 (24,6%), санаты жоқтар 282 (28,4%).
Барлығы 15 балабақшада 1265 бүлдіршін, 7 шағын орталықта 190 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балалардың балабақшамен қамтылуы 64,8 %.
Мектеп жанындағы бір мезгіл ыстық тамақ берілетін лагерге 1557 оқушы қамтылды. Аудандық бюджеттен 4 983,0 мың теңге бөлінді (1 балаға 1 күнге 160 теңгеден).
2017 жылы білім беру нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 15,8 млн. теңге және Құмөзек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 183,0 млн. теңге бөлінсе, Шығанақ ауылындағы Шығанақ орта мектебінің ғимаратын қайта жаңғыртып, спорт залын нығайту жұмыстарына 127,6 млн. теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.
2017 жылы 566 сәби дүниеге келсе, 1 бала өлімі тіркелген. Туберкулез ауруымен 15 науқас тіркеліп, 2016 жылдан
1 бірлікке азайған. «Сарып» ауруымен 8 науқас тіркеліп, 2 науқасқа кеміген.
2016 жылдың қорытындысымен 21 қылмыс тіркеліп, ашылуы 95,2 пайызды құраса, 2017 жылдың 12 айында 23 қылмыс тіркеліп, ашылуы 94,1 пайызды құраған.
Жол апаты бойынша 2016 жылдың қорытындысымен 29 дерек тіркеліп, ашылуы 100 пайызды құраса, 2017 жылдың қорытындысымен 37 дерек тіркеліп, ашылуы 100 пайызды құрады.
Бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша 2016 жылдың 12 айында 49 қылмыс тіркеліп, ашылуы 67,3 пайыз болса, 2017 жылы 56 қылмыс тіркеліп, ашылуы 62,3 пайызды құраған.