«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының мамандары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Достық» орталық алаңына барып, тұрғындарға портал бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондағы басты мақсат – мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқаға көшіріп, азаматтардың уақыты мен қаражаттарын үнемдеу болып табылады. Осы орайда мамандар түрлі пиар — акциялар мен оқыту жұмыстарын жүргізіп келеді.
Шара барысында қызметкерлер тұрғындарды мобильді қосымша МGOV базасына тіркеп, бір реттік смс құпиясөз арқылы алынатын 44 мемлекеттік қызмет түрлерімен таныстырды.
Сонымен қатар, электронды анықтамаларды алу үшін жергілікті атқарушы органдары мен орталыққа бармай-ақ өз бетіңше қызмет ала алатындығын тұрғындар назарына жеткізді. Тұрғындар өз кезегінде мамандарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар ала алды.
Әлбетте, электронды формат көптеген анықтамаларды, құжаттарды тез арада алуға мүмкіндік береді, әрі уақытты да үнемдейді. Қазір электронды үкімет порталын пайдаланушылар саны артқан.