Бүгін Тараз қаласы №2 сотының судьясы Светлана Дмитриевнаның шешімімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің аудиторы Тазабеков Алмас Бексерікұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 3 бөлімінің 2 тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын айыру туралы үкім шықты. Алмас Тазабеков сот залында қамауға алынды. Сот үкімімен келіспеген жағдайда апелляциялық шағым білдіруге 15 күнтізбелік күн беріледі. Айта кетерлігі, сот процесі 3 айға жуық өтіп, куәгерлерден жауап алынған болатын.
TURANINFO.KZ