Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2019 жылішінде атқарылған жұмыс қорытындыларын, алдағы кезеңдегі міндеттерді және оларды іске асыру жоспарларынталқылау бойынша алқа отырысы өтті. Оған Президент Әкімшілігінің өкілдері мен Агенттіктің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттікбасқару академиясының, Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы Агенттіктің аумақтық департаменттері қатысты.
«Агенттікпен жүйелі түрде Мемлекет басшысының стратегиялық құжаттары мен жыл сайынғы жолдауларының ережелерін жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Агенттік жұмысында мемлекеттік аппаратты одан әрі кәсібилендіру бойынша жұмыс басым бағыттардың біріболып қала береді», — деп Анар Жаилғанова алқа отырысыбарысында атап өтті.
Сапалы құрамды арттыру үшін қосымша жағдайлар жасаумақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы дамыту бойынша жұмыс жүргізілді.
Біріншіден, орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттікқызметшілері өздерінің ведомстволарымен және аумақтық құрылымдық бөлімдерімен өткізілетін ішкі конкурстарға бірыңғай персоналды басқару қызметі болған жағдайда қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Екіншіден, мемлекеттік қызметтен шығарылған мемлекеттікқызметшілерге (мемлекеттік қызметтен жағымсыз себеппенкеткен тұлғаларды қоспағанда) бір ай ішінде тестілеуденөтпей ақ конкурстарға қатысу мүмкіндігі берілді.
Үшіншіден, бос басшылық лауазымдарды шұғыл толтыруүшін міндеттерді уақытша атқару мерзімі 3 айға шектелді. Соның өзінде басшылардың міндеттерін көмекшілерге және кеңесшілерге уақытша артуға шек қойылды.
Төртіншіден, мемлекеттік қызметке қайта түсетін тұлғалар үшін сынақ мерзімі жойылды. Бұл тұлғалар қатарына қызметті бағалау нәтижелері, сынақ мерзімі, аттестаттауқорытындысы бойынша немесе жағымсыз себептерменмемлекеттік қызметтен босатылған тұлғалар кірмейді.
Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі күшейтілді. Бағынышты қызметкерлердің жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі енгізілді және қызметтік әдепті бұзғаны үшін шешілмеген тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсіуіне шектеу қойылды.
Құзыретті мамандарды тартуға қосымша жағдайлар жасалды. Әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыстағайындауға құқығы бар адамдардың саны кеңейтілді, оған жетекші шетелдік университеттердің PhD докторларынжәне халықаралық, шетелдік және трансұлттық ұйымдарда соңғы бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, соныменқатар Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар кіреді.
ҚР МҚІА баспасөз қызметі