«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев тарихи Таразға алғаш рет іс-сапармен келді. Іс-сапар «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында он бесінші мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үй құрылысымен танысудан басталды. Жалпы құны 6.1 млрд болатын көп қабатты тұрғын үйдегі пәтер саны-800, олардың ішінде бір бөлмелі пәтер саны-100, екі бөлмелі пәтер саны-550, үш бөлмелі пәтер саны-150. Айта кетейік, көп қабатты тұрғын үйдің шаршы метрі 120 000 теңгені құрайды.
Бұл баспаналарды жергілікті билік өкілдері «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасында» айтқан «7-20-25» бағдарламасы аясында беруді жоспарлап отыр. Тұрғын үйдің негізгі құрылысы осы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 15 000-нан астам адам кезекте тұр. Ал жаңадан салынып жатқан шағын аудандағы пәтерлер кезекте тұрған адамдарға «7-20-25″ бағдарламасы негізінде алуға мүмкіндік барын еске сала кетейік.
Кейіннен Мәулен Әшімбаев Бас Партияның облыстық филиалының кезектен тыс XXI конференциясына қатысты. Конференция барысында алға қойылған мақсат-міндеттер туралы ой қозғады. Сапар барысында заманауи кадрлар дайындайтын Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің профессор оқытушылар құрамымен, жас көшбасшы студенттермен,»Жас Отан» Жастар қанатының IV сьезіне қатысушылармен кездесті. Мәулен Сағатханұлы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» кеңінен түсіндіріп, қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасында жарық көрген, оқырмағандарға жол тартқан оқулықтар жайында ой бөлісіп, студент жастармен пікір алмасты.
Іс-сапар соңында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмысымен танысып,»100 жаңа есім» жобасының өкілдерімен кездесті.
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің студенті Ерсұлтан Нүсіпжанов