Үндеуге үн қосып
ӘЛЕУМЕТТІК БЕС БАСТАМАНЫҢ БІРІ – БАСПАНА
Бірер күн бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін халық назарына ұсынған еді. Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген баспана, еңбекақы, сапалы білім мен студенттердің бүгінгі жағдайы, шағын несие және елдімекендерді газбен қаматамасыз ету мәселерін Парламент палаталарының бірлескен отырысында көтерген болатын.
Басты бес бастаманың ішіндегі баспана мәселесі бірінші орынға қойылыпты. Бұл -қуантарлық жағдай. Себебі, ата-бабамыз баласын жеке отбасы ретінде бөлек шығарған сәтте шаңырағын көтеріп, еншісін беріп отырғандығын бүгінгі жас ұрпақ жақсы біледі.
Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет. Сондықтан, мен «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынамын. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады» -деп, дүйім жұртты жақсы жаңалығымен қуантқан еді. Шындығына келсек, бұл бастамаларды естіген әрбір баспанасыз жүрген жандар қуанғаны сөзсіз. Бұл жеңілдіктер маған да қатты ұнады. Себебі, арзан әрі тиімді. Болашақта өсіріп отырған балаларыма осы жеңілдіктерді қолдана отыра, тұрғын-үй алып бергім келеді. Ендеше, сіз де менімен бірге қолжетімді баспана алуға асығыңыздар. Елбасыға алғысымды айта келе, мен әрбір қазақстандықтан батыл қадам жасауды сұранамын. Себебі, Елбасының әрбір бастамасын қолдау біздің ортақ міндетіміз деп білем.