2019 жылғы 15 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын адамдардан емтихан қабылдау тек Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО-да жүзеге асырылады. Жамбыл облысының аудандарында ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жүргізуші куәліктерін айырбастау және жүргізуші куәлігін жоғалтқан соң қалпына келтіру ғана жүргізіледі. Басқару құқығынан айырғаннан кейін «құқықтарды» Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО-нан алуға болады.
Бүгінгі таңда Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО теориялық емтихандарын тапсыру үшін тек емтихан сыныбы ғана нақты уақыт режимінде теориялық емтиханның тапсырылуын бақылау үшін бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Сондай-ақ практикалық емтиханды автоматты түрде қабылдауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған автодром бар.
Бейнебақылау жүйесі мемлекеттік қызмет көрсету процесін нақты уақыт режимінде қарау арқылы теориялық және практикалық емтихандарды тапсыруды бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі