Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесін атап өту жоспарына сәйкес » Senim» кәсіподағының облыстық филиалы 10 қазан күні дүниеге келген 10 сәби «бауы берік болсын!»айтып,ерекше сый-сияпат жасады.
Тараз қалалық перзентханада және қалалық перинаталдық орталығында босанып,жарық дүниеге сәби әкелген 10 көпбалалы анаға коляска және әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын 5 әйелге 20 мың теңгеден көрімдік есебінде жәрдем берілді.Сәбилі аналар арасында бір кісі егіз баланы дүниеге әкелген.Бәрі де өздеріне назар аударып,сая болған кәсіподақ ұйымдарына ақ алғыстарын жаудырды.Медицина саласы кәсіподағы мүшелері-дәрігерлер де риза.Кәсіподақ күні келген сәбилердің айта жүрер төл тарихы бар.Байтақ елдің ұрпақтары еңбекпен өсе берсін!