Шілденің екісінде Тараз қаласының Лермонтов көшесінде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйел адамды белгісіз жүргізушінің қағып кеткені анықталды, деп хабарлайды Turaninfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы инстаграм әлеуметтік желісіндегі @vtvs_taraz парақшасында жарияланған видеода белгілі болды.
Видеодан белгісіз біреудің жаяу жүргіншілер жолағында әйел адамды қағып кеткенін байқауға болады. Қас қарайған уақытта болған оқыс оқиға тұрғындарды шошытып жіберген. Әзірге жол апатының негізі себептері анықталмай отыр. Желідегі жарияланған видеоға қолданушылар «сұмдық, жолда абайлап жүріңіздер, әйел адам тірі ма?» сынды мазмұндағы пікірлер қалдырған.
Ресми емес мәліметтерге бойынша әйел адамды қаққан көлік жүргізушісі — Тараз қаласындағы мейрамханалардың бірінің иесі екені белгілі болды. Сонымен қатар аталмыш оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс қомақты қаражаттың көмегімен сотқа жетпей жабылғаны анықталды.
Жемқорлықтың иісі бұрқыраған оқиғаның жай-жапсары туралы Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің мәлімдеме жасауын,сонымен қатар, зардап шеккен әйелдің жағдайы жөнінде Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасынан ақпарат беруін сұраймыз.