Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ағымдағы жылдың 6 маусым күні 10 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасырдың мамандықтары» атты мультимедиялық фестиваль өткізді.
Фестиваль оқушылардың өмірдегі кәсіби орнын анықтау арқылы мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беру, шығармашыл дарынды оқушыларды айқындау және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Облыстық «ХХІ ғасырдың мамандықтары» атты мультимедиялық презентациялар фестивалінің ережесіне сәйкес қазылар алқасы оқушылардың тапсырған жоба жұмыстарын бағалады.
Іс-шара қорытындысы бойынша Жуалы ауданы Б.Майлин атындағы орта мектебінің оқушысы А.Бихан І дәрежелі дипломмен марапатталса, Тараз қаласы №48 орта мектебінің оқушысы Б.Тұрмаханов ІІ дәрежелі дмпломның иегері атанды. Ал Т.Рысқұлов ауданы Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің оқушысы А.Әбдібай және Тараз қаласы № 30 мектеп — гимназиясының оқушысы А.Қосыбаева мультимедиялық фестивальдің ІІІ орын иегері атанды.
Тараз қаласы №5 мектеп-гимназиясының оқушысы А.Сұлтанов, Сарысу ауданы Абай атындағы орта мектебінің оқушысы А.Ажимуханова, Әйтеке би атындағы орта мектебінің оқушысы Н.Сайлаубай «Үздік презентация» номинациясын иеленді.