Қор 2017 жылдың 5 тамызында құрылған. «Харекет» идеясының авторы әрі құрылтайшысы Гүлмира Мұқанқызы. Мақсатымыз: жетім-жесір, көп балалы жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі және тағы да сол сияқты мұқтаж жандарға халықтың демеуімен үй алып беру немесе үй салуына көмектесу, садақа арқылы қайырымдылық шарасының аясын кеңейте беру болып табылады.
ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛЫ: 1) ҚАРЖЫ ЖИНАУ: «Әр қазақ – менің жалғызым!» деп білетін әрі сауаптан үміт еткен әрбір азамат ай сайын Қордың шотына 1000 (мың) теңге салып отырса. Жиналған қаражатқа ай сайын есеп беріліп, қаржы жеткілікті болса, баспана немесе жер телімі алынады. 2) МҰҚТАЖДАРДЫ АНЫҚТАУ: Қордың құрылтайшылары қатысқан жалпы жиында анықталады әрі әлеуметтік желілерде жарияланады. 3) БЕРІЛЕТІН ҮЙ немесе ЖЕР ТЕЛІМІ әлеуметтік желілер арқылы көрсетіледі. Харекет қайырымдылық қоры арқылы Жамбыл облысында 2018 жылы 3 пәтер, 2019 жылы 7 пәтер табыстадық. Енді 2020 жылы осы көрсеткішті 3 есе көбейту ең басты жоспарымыз.
Харекет Қайрымдылық қоры Жамбыл облысының басшысы:
Құлман Әділ Қайратұлы. 26.01.1993 ж.
Республикалық «Харекет» қайырымдылық қорының ресми өкілі және Жамбыл облылыстық «Харекет» ққ басшысы. Осы қайырымдылық бағытында 2-жылдан астам уақыт қызмет атқаруда.
Оның ішінде алғышқы 1 жылдық қызметінде 2018 Жамбыл облысына 3 баспана табысталып, ал 2019 жылы 7 баспананың табысталуына өз септігін тигізді.
Бұл көрсеткіш әлбетте ерікті топ мүшелерінің қатысуымен атқарылды.