2017 жылы Halyk тобының таза кірісі 173,4 млрд теңгені құрады деп хабарлайды «TURANINFO.KZ»ақпаратттық агенттігі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметіне сілтеме жасап.
«2017 жыл Halyk Group ұйымының әрі қарай дамуы үшін ерекше тарихи мәнге ие болды. Біз Казкоммерцбанкті сатып алудағы ірі мәмілені аяқтай келе өзіміздің жетекшілік орнымызды нығайта түстік және қазір нарықтың 35,2%-ын иемденіп отырмыз. Биылғы жылдағы басты мақсатымыз – жүйе құрушы банктер мен топтың сақтандыру компанияларының ағымдағы біріктірілу процесін аяқтау. Мықты тараптардың, қаржы институттарымыздың болашаққа жоспар құрып отырған ең өзекті жобалары мен ірі инфрақұрылымдарының бірігуі есебінен — Halyk тобының компаниялары клиенттеріміз үшін жоғарғы сападағы сервиспен бірге өнімдер мен қызметтердің ең үздік таңдауын қамтамасыз ете алады», — дейді Қазақстан Халық Банкінің Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.
Qazkom тобын ескермегенде, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның таза кірісі 2016 ж. салыстырғанда, 25%-ға өсіп, 154,3 млрд. теңгені құрады. Qazkom тобының 2017 жылғы таза кірісі (Halyk тобымен біріктіру сәтінен бастап) 16,6 млрд. теңгені құрады.
Қызметтер мен комиссиялар бойынша таза кірістер 2016 ж. салыстырғанда, 2017 ж. негізі пластикалық карталарға қызмет көрсету, кассалық операциялар және банктік аударымдар бойынша Топтың транзакциялық бизнесінің өсіп келе жатқан көлемі нәтижесінде 31,3%-ға өсіп, 60,9 млрд теңгені құрады.